БІРТІЛЕКТЕГІ АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІ ПАРТИЯ БАҚЫЛАУЫНА АЛЫНДЫ
Баршаңызға белгілі 2021 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттары сайлауы қарсаңында «Nur Otan» партиясынан кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын жоғарғы деңгейде жүргізді.
Үгіт-насихат барысында «Nur Otan» партиясынан кандидат Диас Абдиевтің халықпен кездесу өткізу кезінде Біртілек ауылдық округіне қарасты 3 елді мекен тұрғындары ауыз су жүесі бойынша мәселе айтқан болатын.
Бүгін аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Диас Абдиевтің бастамасымен тұрғындар көтерген мәселе бойынша Келес аудандық филиал Төрағасының Бірінші орынбасары, фракция жетекшісі А.Жұмабеков бастаған фракция мүшелері Д.Абдиев, З.Қыдыровалар, аудан әкімінің осы салаға жауапты орынбасары С.Қарақұлов, тиісті мекеме басшылары мен мердігер «Стройжол Сервис» ЖШС басшысы, Біртілек ауылдық округінің әкімі К.Халық және елді мекен тұрғындарының қатысумен 3 елді мекенде құрылысы біткен және жалғасып жатқан ауыз су жүйесі құрылысы мен құбырдағы судың сапасы және кемшіліктерді қалпына келтіру мәселесін талқыға салды.
Талқылау барысында аталған ауыз су жүйесінің аяқталған 590 абонентті құрайтын 2 елді мекендегі бөлігі «Келес қызмет» мекемесінің теңгермесіне уақытша алынғаны, дегенмен бүгінгі таңға 100-120 абонентке ғана ауыз су уақытша беріліп жатқаны, "Дарбаза" топтастырылған су жүйесі» мекемесінің теңгеріміне беру бойынша құжаттар дайындалып жатқаны анықталды.
Жиын қорытындысымен тиісті мекеме басшылары мен мердігер компания басшысына 2 елді мекендегі ауыз су жүйесіндегі айтылған кемшіліктерді тез арада қалпына келтіру мен судың сапасын экспертизадан өткізіп қорытындысын алуды, «Келес қызмет» мекемесі басшысына ауызсу жүйесін тиісті мекеме теңгермесіне өткізу бойынша құжаттарды рәсімдеуді тездетіп, халықты таза ауыз сумен жедел қамтамасыз ету, ал ауылдық округ әкімі К.Халыққа айтылған сын-ескертпелердің орындалуын қадағалау және ауызсу жүйесіне қосылмаған үйлерді қосу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жандандыру тапсырылды.
Баршаңызға белгілі «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасында көрсетілгендей, аудан көлемінде - 2021 жылы 7 елді мекенді, 2022 жылы 3 елді мекенді, 2023 жылы 3 елді мекенді, 2024 жылы 8 елді мекенді, 2025 жылы 7 елді мекенді таза ауыз сумен қамтамасыз ететіндігі көрсетілген.
