Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

БІРНЕШЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТІҢ БЮДЖЕТІ ҚАРАЛДЫ

5 тамыз күні Казталов аудандық мәслихатының VII шақырылымының кезектен тыс 8 сессиясы өтті. Сессияны аудандық мәслихат хатшысы Сәрсенбай Молдашев жүргізіп, барлық депутаттар қатысты. Күн тәртібінде «2021-2023 жылдарға арналған Казталов ауданының Бірік ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіммен қатар, Болашақ, Жалпақтал, Жаңажол, Казталов, Көктерек, Қараөзен, Тереңкөл ауылдық округтерінің бюджеті туралы шешімдеріне өзгеріс енгізу туралы мәселелер қаралды. Аталған мәселелер бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жадыра Сүндетованың хабарламасы тыңдалып, мәслихат депутаттарының мақұлдауымен шешім қабылданды.

0
0
182

Еще по теме

БІРНЕШЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТІҢ БЮДЖЕТІ ҚАРАЛДЫ - Yvision.kz