Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

БІРЛІКТІ СҮЙГІШ ХАЛЫҚПЫЗ

Партияның Сарыағаш ауданы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасында «Халықтың бірлігі мен қоғамдық келісім – бұл Қазақстанның табысты дамуының сенімді негізі» деп бірлік сүйгіш халық екенімізді көрсетіп отыр. «Nur Otan» партиясы біздің қоғамның бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен арттыруды қолдайды. Бүгінде Сарыағаш ауданында 30-дан астам ұлт өкілдері тұрады және 6 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Этностар арасындағы достық пен татулықты нығайту үшін «Nur Otan»: ұлттық бірегейлікті қалыптастыруды және ұлттың мәдени кодын сақтауды, соның ішінде тақырыптық шаралар арқылы Қазақстан халқының бірлігі күнін жалғастыру үшін 915 іс-шара (40 дөңгелек стол, 350 мәдени іс-шара, 215 танымал тұлғалармен кездесу, жастар арасында 150 спорт шаралары, 45 форумдар, 62 түрлі фестивальдар және 50 конференциялар) өткізу; фокус сарапшы тобын құрып, ұдайы талдау жасау; «Берекелі шаңырақ» жастар жобасы аясында аналар кеңестерінің жұмысына жағдай жасау;

ел бірлігін нығайту, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін «Ырыс алды – ынтымақ» қоғамдық форумының жұмысын жалғастыру; бірлікті, конфессияаралық және ұлтаралық келісімді нығайту үшін этномәдени және діни бірлестіктерді белсенді түрде қолдау бойынша біршама жобаларды қолға алған.

Қабылданған шаралар бірліктің, саяси тұрақтылық пен рухани келісімнің одан әрі дамуына ықпал етеді. Аудан тұрғындары ауданның қоғамдық-әлеуметтік өміріне белсенді қатысады. Жобаларды іске асыру маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.

Нәтижесінде мәдени және рухани құндылықтарды сақтау туралы елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларында айтылған ойлар жүзеге асатынын жеткізіп, ақсақалдың ақ батасын алды. Алдағы сайлауда, отбасымен бірге «Nur Otan»-ға дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
222

Еще по теме