Өткенге көз жүгіртсек, еліміз егемендік алған 1991 жылдары еліміз ауыр дағдарыстар мен қиыншылықтарды бастан өткергенін жақсы білеміз. Барлық кәсіпорындар тоқтады, тұрақты жұмыссыздық пен бос дүкен сөрелері болды, зейнетақы мен жалақы төлеу мүмкін болмады.
Міне сондай қиын кезде ел тізгінін алған Тұңғыш Президентіміз алдына үлкен мақсаттар қойып, оларға қол жеткізді.
1991 жылдан бастап, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің басшылығымен кезінде нөлге айналған ел экономикасы сәтті реформаланды. Өндіріс орындары біртіндеп іске қосылып, әлеуметтік мәселелер шешімін таба бастады. Ең бастысы елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық сақталды.
Елбасының бастамасымен ел дамуына бағытталған «Қазақстан-2030», «Қазақстан-2050» стратегиясы сияқты ауқымды жоспарлар жүзеге асырылды.
Міне, қазір сол қажырлы еңбектің арқасында қиын-қыстау замандардан сүрінбей өтіп, елімізбен әлемнің алпауыт елдері санасатын күндерге жетіп отырмыз.
Ол «Біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан» деп, елімізді жер жүзіне оны толық мойындатып, әлемдік деңгейдегі көшбасшылық биіктікке көтерілген Елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегі.
Біз осындай әлемге танымал Елбасымыз болғанына және елімізді небір қиын қысту кезден аман алып өткені үшін ризашылығымызды білдіреміз.