Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Birinshi

Тұңғыш Президент күні​ мерекесі елімізде 2012 жылдан бері кең көлемде тойланып келеді. Бұл мереке Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлына деген зор құрметтің белгісі.

Сәл тарихқа шегініс жасар болсақ, 1991​ жылғы 1 желтоқсанда алғаш рет жалпыхалықтық​ сайлау өтіп, Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды. Бұл жаңа мемлекет​ қалыптасуының​ өтпелі кезеңінде​ сенімді​ басшыға​ өз тағдырын​ тапсырған​ Қазақстан халқының​ жауапты​ таңдауы еді.

Шын мәнінде, Елбасының​ салиқалы саясатының арқасында​ тәуелсіз Қазақ елі​ қалыптасып, тарихымыз​ түгенделіп,​ тіліміз, дініміз​ және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің​ ұлттық рәміздері​ қабылданды.

Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемлекеттілік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты.

Осылайша, тәуелсіздікті тұғырына қондырған, елді ерлікке жеткізген Ұлт Көшбасшысы 1 желтоқсанда ел тізгінін ұстады. Тұңғыш Президенттің бастамаларына қолдау жасай отырып, еліміз көп биікті бағындырды. Қазір мемлекетіміздің әлем елдері арасындағы абыройы уақыт санап артып келеді. Мұның барлығы да бүгінгі тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы Тұңғыш Президентіміз – Елбасының еселі еңбегінің, көреген жасампаздығының жемісі.

Осы челленджі қолдай отырып, "Намыс" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қамбар Рахметовке жолдаймын.

#Birinshi

#Elbasy

Еще по теме

Birinshi - Yvision.kz