БІРІҢҒАЙ ЖИНАҚТАУ ТӨЛЕМІ
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық өзін әлеуметтік төлемдермен,мединицалық сақтандырумен жоғары зейнетақымен қамтамасыз ете алады.Әлеуметтік кепілдіктер бұрын халықтың қорғалмаған бөлігіне Біріңғай жинақтау төлемі (БЖТ) енгізілгеннен кейін қол жетімді болды.
Ережеге сай, Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінде тіркелмеген, бейресми еңбекақысы бар таксистер, базардағы сатушылар, репетиторлар, фрилансерлер және басқа да өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Дәл осы санаттағы тұлғаларды барлық қажетті әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз ету үшін БЖТ енгізіліп отыр.
Барлық қажетті әлеуметтік қала тұрғындарыкеңес алу үшін жұмыспен қамту орталығына, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (бұрынғы ХҚО) немесе 1414 нөмеріне қоңырау шалса болады. Содан кейін, мобильді қосымшадан, мобильді телефонның бірлігінен, терминалдар мен екінші деңгейдегі банктер арқылы төлей алады. БЖТ көлеміқала тұрғындары үшін -2 525 теңгені, ал ауыл тұрғындары үшін 1 262 теңгені құрайды.
БЖТ-ны ерікті түрде ай сайын, үш айда бір рет немесе жылына бір рет төлеуге де болады.Сондықтан да төлемегені үшін жауапқа тарту шаралары қолданылмайды. Жеке тұлғалар БЖТ-ны бірнеше ай бұрын алдын- ала төлей алады, бірақ, төлем мақсатына қай айларға төлегені туралы көрсеткені абзал.
БЖТ халыққа анағұрлым әлеуметтік маңызды төртмекемелер арасында бөлінетінін атап көрсетеміз.Төлемнің 40 % негізгі бөлімі әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (ӘМСҚ) жіберіледі, ал 30 % – біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) кетсе, 20 %мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (МӘСҚ) жіберіліп, қалған 10 % жеке табыс салығын төлеуге жіберіледі.
Бұл шара өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ кәсіпкерлікпен айналыса беруі үшін жасалып отыр. Сондай-ақ, олар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысып, ақысыз медициналық қызметті пайдалана алады. Мысалы, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының есебіненоңалтуға, жоспарлы емдеуге,зертханалық қызметтерге, рецептімен дәрі-дәрмек, жоғарғы технологиялық медициналық көмек алуға құқылы.
Сонымен қатар, БЖТ арқылы жинақтаушы зейнетақы қорына қатысып, базалық зейнетақы төлемдерін ала алады. Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда, асыраушысынан айырылғанда, аяғы ауырлап және босану, бала күтімімен айналысу кезінде төлемдер ала алады.
Жаңа режимді пайдалануда шектеулер бар. БЖТ жалдамалы жұмысшылар еңбегін пайдаланбайтын жеке тұлғаларға, жеке тұлғаларға қызмет көрсететін, ауыл шаруашылығы өнімдерін жеке тұлғаларға сататындарға ғана беріледі.
