Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

#Birgemiz#TazaTURKISTAN

19.11.2020 жылы аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Еркебаевтың төрағалығымен экперттік қауымдастық мүшелерімен «Birgemiz#TazaTURKISTAN» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Аудандық партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Таңатбаев Сауранбек Жаңқашұлы Түлкібас ауданының табиғаты орасан-зор болғандықтан аудан тұрғындарын әрдайым өздері тұрып жатқан тұрғылықты мекен-жайларында сенбілік ұйымдастырып, тазалыққа шақырды. Одан бөлек, жалпы аудандық тазалықпен қамтып жатқан «Түркібасы» коммуналдық шаруашылығы мекемесіне алғысын білдірді. Сонымен қатар бұл іс-шараға арнайы аудандық «Jas Otan» ЖҚ төрағасы Джолбасханов Ислам Талипұлы шақыртылған болатын. Қ.Р.Президенті Қ.К.Тоқаевтың қаулысымен 2020 жыл – «Еріктілер жылы» болып бекітілді. Осыған сәйкес ү.ж. басында арнайы Мемлекет басшысының шақыртуымен Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан бойынша жиналған «Еріктілер» тобымен бірге өткізілген үлкен форумда алған әсерімен, тәжірибесімен бөлісті. «Birgemiz#TazaTURKISTAN» атты ұранмен аудан көлемінде жастармен бірігіп, рухани жерлерде, жастар саябақтарында, аллеяларда жасалған тазалық жұмыстарына тоқталып өтті. Отырыс соңында Қ.Еркебаев барлық аудан тұрғындарын, ауыл жастарын осындай іс-шараларға ат салысып, белсендік танытуларын сұрады.

#Birgemiz#TazaTURKISTAN

0
0
143

Еще по теме

#Birgemiz#TazaTURKISTAN - Yvision.kz