Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

BILIMLAND.KZ ОҚУШЫЛАР МЕН МҰҒАЛІМДЕРГЕ КӨМЕККЕ КЕЛЕДІ

Екі баланың әкесі, блогер Максим Гринкевич http://bilimland.kz порталы мектеп оқушылары үшін үлкен көмекші құрал деп есептейді.

Кейде балаларға сабақ кезінде алған білім көлемі жеткіліксіз болып жатады. Ал барлық ата-ананың баласымен қосымша сабаққа дайындалуға уақыты болмауы мүмкін немесе репетитор жалдайтын мүмкіндігі жоқ болуы мүмкін. Бір жағынан, онсыз да уақытының көп бөлігін партада отырумен өткізетін балаларды да аяйсың. Ал егер сабақ ойын формасында өтсе, әңгіме басқа. Бұл жаңа бағыт демесек те, интернеттің дамуына және жұрттың жаппай компьютерленуіне орай жаңа мазмұнға ие болып отыр. Тіпті, оның арнайы термині де бар – “геймификация”: балалар компьютерлік ойын ойнап отырғандай болады, бірақ қажетті білім алып, қабілетін ұштайды. “Білімлэнд” сайтындағы оқу процесі осыған негізделіп жасалған. Жуырда танымал қазақстандық блогер Максим Гринкевич бұл сайтқа шолу жариялады (https://facebook.com/pacifisttt). Максимнің мұндай интернет ресурстарға ықылас танытуы бекер емес, екі баланың әкесі болғандықтан, ол білім беру жүйесінің жай-жапсарын жақсы біледі. Максимнің bilimland.kz порталы туралы ата-ана ретінде көзқарасы біздің оқырманға да пайдалы боларына сенімдіміз. 

СЫРТҚЫ КӨРІНІСІ ЖӘНЕ НАВИГАЦИЯ 
http://bilimland.kz сайтының басты бетін ашқанда сенім артуға болатын салмақты ресурс екенін бірден түсінесің. Оң жақтағы жоғарғы бұрыштан қазақ, орыс немесе ағылшын тілін таңдауға болады. Графиканың көптігі, заманауи дизайны пайдаланушылардың көңіл-күйінен хабар бергендей. Сырт көрінісіндегі мұндай ерекшеліктер балаларға ұнайтынын ескерген жөн, мысалы, бояуы қанық, өзгеше белгілер компьютерлік ойындарды еске түсіреді. Сайтты жасаушылар тартымды болумен қатар, қолайлы да болуына аса назар аударған секілді: барлығы ерекше әдемі көрінеді, пайдалануға да жеңіл. Танысуды басты бетте орналасқан сайтты пайдалану жөніндегі шағын бейнесабақтан бастауға болады (тіркелу, навигация, т.б.). 

“КУРСТАР” БӨЛІМІ: БАЛАБАҚША ЖАСЫНАН МЕКТЕП БІТІРГЕНГЕ ДЕЙІН 
Мұнда математика, физика немесе тілдер секілді мектептегі негізгі пәндерден бөлек, “Ғимараттардың құрылысы мен пайдаланылуы”, “Тау-кен ісі” секілді бөлімшелер бар. Тіпті, виртуал түрде тәжірибе ұсынатын виртуал зертхана да бар. Мектепке дейінгі балалар үшін “Мектепке дайындық” атты арнайы айдар бар. Қазақ қаламгерлері мен әлем әдебиетінің жауһарларынан тұратын “Аудиохрестоматия” да өте қолайлы. Танымдық фильмдердің топтамасы “Бейнеколлекция” бөлімінде орналасқан. “Балалар түгілі, өзіме де қызық”, – дейді блогер. 

Ең қызығы – сабақтар. Әр пән бойынша тақырыпты және бағдарлама арналған сыныпты таңдауға болады. Ал сабақтардың өзіне келер болсақ, мысалдарды талдау және есептерді шығару көңілді ойын формасында жасалған. Интерактив көмекші дұрыс жауап үшін “бәрекелдісін” айтып, шағын анимациялық ролик көрсетеді. Әлбетте, орта және жоғары сынып оқушыларының сабақтары бастауыш сыныптың балаларынікіндей емес. Дегенмен, олардың сабақтары да жеңіл әрі ойнақы жасалған. Бейнеролик түріндегі қосымша пайдалы ақпараттардың көптігі мен визуал көмекшілердің молдығы да көңіл қуантады. 

Сайтта тұрақты жаңарып отыратын блог бар, ол жерден тек жоба туралы ғана емес, жалпы мектеп бағдарламасына қатысты жаңалықтармен танысуға болады. Жоғарғы панельден білім беру бағдарламалары туралы анықтамалыққа өтуге болады – халықаралық және қазақстандық бағдарлама, дамыту, сауықтыру және басқа да бағытта жұмыс істейтін балалар орталықтары туралы да табуға болады. Мұнда балаларға арналған мерекелік шараларды ұйымдастыратын балалар орталығынан бастап, спорт кешендеріне дейін бар. Навигациясы өте қарапайым, мысалы, үйіңізге жақын мекемені табу үшін өз мекен-жайыңызды жазу жеткілікті. Жуырда ұстаздарға арналған “Мұғалімнің парағы” атты жаңа бөлім пайда болды. Мұнда әдістемелік нұсқаулықтар, мұғалімдерге арналған шеберлік сабақтары, қандай да бір сабақты немесе сынып сағатын өткізудің мысалдары берілген. 

“ҰБТ/КТ тапсыруға дайындық” бөлімін айрықша атап өткен жөн. Тиісті белгіні бассақ, https://itest.kz/ru атты жеке ресурсқа өтеміз. Бұл – тестке дайындалам деушілерге арналған тамаша виртуал тренажер. Мұнда тек сынама тесттен өтіп қана қоймай, білімді жетілдіруге де мүмкіндік мол – 13 пән бойынша толық конспектілер тізімі бар. Әрбір сынама тесттен кейін сайт қатемен жұмыс істеудің тиімді тәсілін ұсынады. 

Максим Гринкевич шолу соңында bilimland.kz сайтының өте пайдалы ресурс екенін айтыпты, блогер сайтты “оқушылар үшін де, мұғалімдер үшін де білім беретін әмбебап көмекші” деп бағалайды. “Қазақстанда осындай жоба болғанына қуанамын. Ресейлік сайттар да жақсы, бірақ өзіміздікі болмағандықтан, кейде ақпараттар да біз үшін өзекті емес… Сіздерді білмеймін, өзім балаларымды осы сайт бойынша оқытпақшымын, қазірге олар менің бастамамды қуана қолдап отыр”, – деп жазады блогер.


0
0
2637

Еще по теме

BILIMLAND.KZ ОҚУШЫЛАР МЕН МҰҒАЛІМДЕРГЕ КӨМЕККЕ КЕЛЕДІ - Yvision.kz