БІЛІМДІ ЖАС – ЕЛДІҢ БОЛАШАҚ ИЕСІ.
БІЛІМДІ ЖАС – ЕЛДІҢ БОЛАШАҚ ИЕСІ
Бүгін «Nur Otan» партиясының төрағасы, Елбасы, еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен партияның ХХ съезі болып өтті.
Алқалы жиында елдегі қордаланған бірқатар мәселелердің шешілу жолдары қарастырылып, алдағы атқарылар жұмыстардың негізгі жоспарлары таныстырылды.
Қоғамдағы бүгінгі сұранысқа ие мамандарды бәсекеге қабілетті етіп дайындаудың маңыздылығына тоқталған ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта Назарбаев Университетінің озық тәжірибесі негізінде оқу орындарының ашылатындығын айтты.
Бұл – ел жастарына жасалып жатқан үлкен қамқорлық деп білеміз. Өйткені, елдің болашағы бүгінгі жастардың, біздің қолымызда. Бәсекеге қабілетті, білімді жас кез-келген елмен иық тіресе алады. Сондықтан да Біз, Мақтаарал жастары елдегі жүргізіліп жатқан саяси реформаларды қолдаймыз.
КЕНЖЕБАЕВ Сүндет Қахраманұлы,
Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы
