«БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ»
2015 жылдың 18 сәуірінде А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Қостанай облысы бойынша Департаментінің бастамасымен, Қостанай облыстық кәсіподақ Кеңесінің, «ГРиН» қоғамдық бірлестігінің, аймақтық мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы және қоғамдық тамақтану, мемлекеттік банк мекемелернің кәсіподақтарының қолдауымен, облыстық «Білімді ұрпақ – ел болашағы» тақырыбында дебаттық турнир бастау алады.
Онда Қостанай облысының түкпір-түпкірінен жиналған жас дебатерлар қатысады. Турнирдің мақсаты - жас ұрпаққа өз елінің патриоты болатын тәртіптік мінез қалыптастыру.
Дебатқа Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Қостанай облысы бойынша Департаментінің басшысы Д. Б. Үсенов, А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ ректоры А. М. Наметов және облыстық ЖОО-ның ұстаздары мен студенттері қатысады. Департамент басшысы Данияр Үсенов «Біз дебаттардың қалай дамып, жаңа деңгейге жетіп жатқанын көріп жүрміз, олар жастарға өмірде тура айқындамасын береді. Дебаттық турнирлер – Қостанай облысының түкпір-түкпірінен талантты жастардың басын қосатын жағымды, игі дәстүр»,- деп атап өтті.
Турнир парламенттік дебаттар аналогы бойынша өтеді. Жабылу рәсімі жеңімпаздар анықтау қорытындыларынан кейін, сол күні кешке болады.
Марапаттау 5 номинация бойынша өтеді, ол дәстүрлі 1, 2 және 3 орындар, «Үздік спикер» және «Үздік судья». Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар, кубок, мадақтама қағаздарын алады.
Қостанай облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл Агенттігі Департаментінің жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімі
Тел: 8(7142)914-262

