Перейти к содержимому

      “Білім және еңбек” “Зерде” журналы 

   Зерде - қазақ тіліндегі республикалық ғылыми танымдық журнал. Алғашқы саны “Білім және еңбек”деген атаумен 1960жылы шығып, қаңтардан ай сайын қазақ тілінде шыға бастады. Журналдың алғашқы редакторы - Камал Сейітжанұлы Смайылов. 1989 жылдан “Зерде” деген атаумен шығып келді. Журнал - ғылым мен техника жаңалықтарын хабар беретін, қоғамға бұрын сонды болмаған, жаңа ғылыми терминдермен таныстыратын, жас ұрпақты ғылымға баулыйтын, жаңа басылым шықты. Журнал ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы қазақ қоғамына, жаңа көзқарас алып келген басылым. Журнал жастар мен жасөспірімдердің отандық, әлемдік, ғылым мен білім саласындағы түрлі жаңалықты салыстырып келді. Осы журналдың дүниеге келуіне, ғылыми -техникалық прогрестің, революциялық жолға түсуі,әсер етті.  

     Сонымен қоса редакцияға ғылым мен техника мәселелерін түсініп, ғылыми - басылымға мақала жаза білетін қазақ журналистерін жинау қиынға соқты. Себебі, ол кездері әрқайсысының өзіңдік бағыты болған еді. Мамандарды жинау қиынға соққандықтан, журналдың алғашқы екі санында “Пионердің” редакция ұжымы жұмыс істеді. Соның салдарынан журналдың екі саны “Пионерден” еш ерекшеленбеді. Оған К.Смайыловтың мына сөздері дәлел бола алады: “Біз үшінші нөмірден бастап қолға алып, басқа журнал шығара бастады. Редакция жұмысына кен инженері Шәмшиден Әбдіраманов, физик Айсұлтан Қалығұлов, биолог Жеңіс Әбиев шақырылды. Өйткені, олардың журналистикаға, жазуға біршама қабілет - икемдері бар еді.

    1962 жылы тұңғыш рет қазақша жарияланған Әбу Насыр әл-Фараби туралы мақаласын айта аламыз. Осы мақала арқылы сол жылдардағы қазақ қоғамы, әл-Фарабидің біздің бабамыз екенің таныды десек болады. Сонымен қатар, Абылай хан мен Әбілхайыр ханның суреттері де ең алғаш осы журналда жарыққа шықты. Және қазақ жерінің географиясы мен қазақ шежіресінен, орыс және шетел саясатшыларының, ғалым, ақын-жазушыларының жолжазбалары жарияланып тұрды.

   70-80 жылдары «Білім және еңбек» журналыжастардың заманына сай, жаңа өрістеген ғылыми техникалық революцияға сай тәрбиелейтін идеологиялық қаруы болды. Сонымен қатар Баққожа Мұқаев, Сұлтанәлі Балғабаев, сынды жазушылардың редакцияға келуінен, әдебиетке де жақын болды деп айта аламыз. Журналдың танымал қылған “Келешек келбеті” мен “Қазақстанның Россияға қосылуына 250 жыл” атты конкурстарында айта аламыз. Бұл журнал, көптеген жастарға үлкен үміт сыйлаған. Себебі бұл ғылыми зерттеуінді, білімінді, ізденістер мен ұсыныстарды, жобалар мен очерктерінді ашық көрсете алатын мүмкіндік болды.

Қорытта келе, «Білім және еңбек» журналы ХХ ғасырдың 60 жылынан бастап, қазақ қоғамына ғылым саласын хабар беріп, ғылыми түсінік қалыптастыра білген, тарихы тереңнен келген, ауқымды басылым болды. Жалпы ғылым жайлы көбі айта алмайды. Тіпті оны зерттеп, ізденіп, жатқан жандар аз болды. Дегенмен біздің ғалымдарымыз, ақын — жазушылар қандай жағдай болмасын, қолдан келгендерін жасап, “болашақ ұрпақтың келешегі жастардың қолында” деп, білімді ұрпаққа дамуына үлкен үлес қосты деуге болады.

 

 

            Майхан Гүлнұр

ҚазҰУ-дың 1- курс студенті

Ғылыми жетекшісі: фил.ғ.к., доцент

Р.С.Жақсылықбаева

 

 

 

 

 

 

0
0
1066

Еще по теме