БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
"Nur Otan" партиясы Ойыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сәкен Займолдин білім саласының өкілдерімен онлайн кездесу өткізді. Кездесуде карантин шараларына байланысты қашықтықтан оқу жүйесінің, оқушыларға оң әсері мен тиімсіз тұстары айтылды. Қазіргі таңда Ойыл ауданының мектептерінде оқушы санына байланысты бастауыш сыныптар ғана дәстүрлі жүйемен оқуда. Қалған сыныптар онлайн жүйемен білім алуды жалғастыруда. Сонымен қатар онлайн кездесуде ауданда білім сапасын арттырып, білім беру бағдарламасымен сапалы жұмыс атқару керектігі айтылды.
