БІЛІМ САЛАСЫН ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА
Бүгін ҚР Президенттігіне Халықтық коалициядан ұсынылған үміткер Қ.К.Тоқаевты қолдау жөніндегі қалалық қоғамдық штаб төрағасының орынбасары Амантай Байтанаев, штаб мүшелері Тәңірберген Әсіл, Қайрат Ахметовтер қаламызда орналасқан М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі ұжымымен кездесті.
Кездесуде білім беру саласы өкілдеріне Президент Жолдауында айтылған айшықты ойлар мен іске асырылып жатқан байыпты істер нәтижесі жайлы сөз қозғалды.
Сондай-ақ алдағы өтер сайлау науқанында Қ.К.Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөнінде айтылып, қойылған сауалдарға жауаптар берілді.
– Мемлекет басшысы жас ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін 100 ірі орталық салынатынын, әрбір оқушы өзі қалаған спорт секциясына, шығармашылық үйірмеге тегін қатысуға мүмкіндігі болатынын айтты. Сондай-ақ шағын және орта бизнестің дамуы, білім саласына гранттар санының көптеп бөлінуі қазақстандықтарға оның ішінде жастарға жасалған зор мүмкіндік деп білемін, – деді қалалық мәслихат хатшысы, қоғамдық штаб төрағасының орынбасары Амантай Байтанаев.
Шара барысында сайлаушылар науқанға қатысты өз пікірлерімен бөлісіп, 2022 жылдың 20 қарашасында өтетін Президент сайлауына белсене қатысатындарын айтты.
#TOQAEV2022
