Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

БІЛІМ МЕН ДЕНСАУЛЫҚ БАСТЫ НАЗАРДА

Кеңес төрағасы Зина Нугаева алдымен маңызды кезең референдум туралы түсінік берді.

Жиынның күн тәртібінде Ақтау қаласында күніне 300 адам қабылдайтын емхана салу, денсаулық сақтау объектілеріне күрделі жөндеу жүргізу, 5 жаңа мектеп және аудандар мен қалалардың жұмыс істеп тұрған мектептеріне 2 жапсарлама салу, облыс мектептерінде ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізу мәселелері қаралды.

Алдымен облыстық білім басқармасы басшысының м. а. Г.Қызылғұлова, облыстық құрылыс басқармасының бас маманы Б.Лепесов, Денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік және салалық бюджеттік бағдарламалар, жекеменшік және бюджеттік жобалар, цифрландыру бөлімінің басшысы Ғ.Алтураев баяндама жасап, білім, денсаулық саласындағы құрылыс нысандары туралы мәселелер талқыланды.

Кеңес мүшелері сайлауалды бағдарлама аясында салыну керек нысандардың уақытынан кешіріктіру себебін сұрады. Ал, құрылыс саласының маманы бюджеттен қаржының уақытылы бөлінбеуі себеп болып отырғанын ашық айтты.

0
0
213

Еще по теме

БІЛІМ МЕН ДЕНСАУЛЫҚ БАСТЫ НАЗАРДА - Yvision.kz