БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН АРТТЫРАМЫЗ!
Nur Otan" партиясы Төлеби аудандық сайлауалды штабының ұйымдастыруымен аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер: К.Умирбеков, Д.Турдалиев, Б.Қожатай және Д.Ештаева партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында Алатау ауылдық огругі Екпінді елді мекенінде үй-үйлерді аралап, тұрғындарымен кездесіп қайтты.
COVID-19 пандемиясы денсаулық сақтау жүйесіне үлкен қауіп төндірді. Бұл бағытта жұмыс істеуіміз керек. Орта мерзімді кезеңде саладағы негізгі басымдық денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға және нығайтуға бағытталатын болады. Жұмыста коронавирустық инфекциямен күресу кезінде алынған тәжірибе қолданылады. Ауданда бейімді мамандардың тапшылығы байқалды, ауруларды ерте диагностикалау және азаматтарды дәрілік препараттармен қамтамасыз ету проблемалары бар. — деді Б.Қожатай.

«Nur Otan» партиясы қазақстандық медицинаның жоғары стандарттарға сай болуын және әрбір азаматқа денсаулық сақтау саласындағы үздік тәжірибелерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуді қолдайды. Ауданда адамдарға алғашқы медициналық көмекті барынша жақындату: ауылдық медицинаны материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету, шалғай ауылдарда тұратын ауыл тұрғындары үшін дәрі-дәрмекке қол жеткізу мәселелерін шешу, сырқаттанушылық пен өлім-жітімді азайтуға ықпал етеді.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы: 2021 жылы Екпінді, Жамбыл елді мекендеріндегі фельдшерлік-акушерлік пунктердің құрылысына; 2022 жылы Кеңесарық, Жаңажол елді мекендерінің фельдшерлік-акушерлік пункттерінің құрылысына; 2023 жылы Диханкөл, Зертас елді мекендеріндегі фельдшерлік-акушерлік пункттердің құрылысына; 180 дәрігердің және 550 орта буынды медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға; денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын 2021 жылдан 74,2%-дан, 2025 жылға 95,0%-ға жоғарылатуға; онкологиялық науқастарды амбулаториялық емдеуді тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін үнемі бақылауда ұстауға; қатерлі ісік ауруын ерте анықтау мақсатында халықтың денсаулығын сақтау, скринингтік зерттеулер жүргізуге; 30845 тұрғындарды скринингтен уақтылы өткізуге; жыл сайын 5-ке жуық жас маман дәрігерге бюджеттің есебінен көтерме жәрдемақы төлеуге; 7 дәрігерлердің (тәжірибелі 3 дәрігер, 1 психиатр, 1 невропотолог, 1 педиатр, 1 неонатолог) тапшылығын шешуге «Nur Otan» партиясы ықпал ететінін атап өтті.
Сонымен қатар үміткерлер «Nur Otan» партиясының атқарып жатқан ауқымды жұмыстарын баяндап, алдағы бес жылдыққа негізделген сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Тағыда тұрғындарды алаңдатқан сауалдарына жауап беріп, "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.
