БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА БАРМАҚ БАСТЫ ӘРЕКЕТТЕРГЕ ЖОЛ БЕРІЛМЕУІ ТИІС
Білім беру саласы - ел дамуында айрықша рөлге ие болғандықтан, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының бас мамандары мен аудандық білім бөлім басшыларының қатысуымен келелі кездесу өтті.

5 жыл уақыт аралығын қамтитын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында айқындалған негізгі аспектілерге тоқталып, өзгерістер мен жаңашылдықтар бойынша ақпарат берді.
Негізгі құжатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті қалыптастыру, оның жою мүмкіндіктері, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жетілдіру, азаматтық қоғамның рөлін күшейту сияқты міндеттер қарастырылғаны туралы түсіндірілді.
