Безопасность и комфорт горного туризма.
Тау туризмінің қауіпсіздігі мен жайлылығы. Модульдік құрылым сияқты үйшіктердің қалай құрастырылып жатқанын тексердім. Қызғылт сары түсті модульдердің іші жылыту пеші, апаттық жағдайда қажет жинақпен жабдықталған. Ішінде алғашқы көмек көрсету жинағы, маршрут картасы, мобильді құрылғыны қуаттау стансасы, жылы көрпе мен азық-түлік жиынтығы бар. Шатырда SOS спутниктік сигналын құтқарушылар пультіне жіберетін дабыл түймелері бар радиорелелік діңгектер орнатылған.
Таудағы қауіпсіздік шаралары шеңберінде Үлкен Алматы мен Тұйық су шатқалдарында бақылау-құтқару пункті ашылады. Онда тікұшақ алаңын ашу да жоспарда бар. «Шымбұлақта» қысқы маусымға дайындық жүргізілуде – шаңғы трассалары мен қонақ үй жаңартылуда. Сондай-ақ визит-орталық ашылады.
Бұдан өзге Medeu Park Hotel-ді құру, жаңартылған Qazaq Auyl экокешені мен альпинистердің сүйікті мекені – Тұйық су шатқалындағы глэмпингті құру жобаларымен таныстым. «Медеудің» төменгі бөлігінде арқаны бар саябақ пен денсаулық жолы салынуда.
——
Безопасность и комфорт горного туризма. Проверил, как идет сборка хижин, представляющих собой модульные конструкции. Оранжевые модули снабжены печами обогрева и аварийными комплектами, включающими аптечку, маршрутные карты, станцию зарядки мобильных устройств, теплое одеяло и продуктовый набор. На крышах установлены радиорелейные мачты с тревожными кнопками для передачи спутникового сигнала SOS на пульт спасателей.
В рамках мер горной безопасности будут открыты контрольно-спасательные пункты в Большом Алматинском ущелье и урочище Туюк-Су, где также предусмотрена вертолетная площадка. На «Шымбулаке» ведется подготовка к зимнему сезону – обновляются лыжные трассы и гостиница. Здесь также откроется визит-центр.
Также ознакомился с проектами создания Medeu Park Hotel, обновленного экокомплекса Qazaq Auyl и глэмпинга в излюбленном месте альпинистов — урочище Туюк-Су. Ниже ВСК «Медеу» строится веревочный парк и тропа здоровья.
Akimat Nauryzbai

