БЕЙНЕУЛІК ОҚУШЫЛАР ҰЛТТЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
«Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен ауылдық жердегі мектептерге арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасында бейнеулік оқушылар жеңімпаз атанды.
Бұл туралы Бейнеу аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Лизат Тәжиева мәлім етті.
Олимпиаданың мақсаты – ауылдық жердегі мектеп оқушыларының таланты мен қабілетін дамыту. Олардың білімге деген құштарлығын арттырып, қолдау көрсету және жағдай жасау.
«Бейнеу ауданы бойынша жеңімпаз атанған 7 оқушыны аудан әкімі Бейнеубек Әбілов құттықтап, Елбасының «Ел үміті» бастамасы шеңберінде «Нұрсұлтан Назарбаев қоры» атынан ноутбук сыйлады. Оған 5,6-сынып оқушылары қатысты. Барлық іс-шаралар пәндерді оқып үйренуге әрі дамытуға қажетті дағдылар мен бейімділіктерді анықтауға бағытталды»,- деді Лизат Тажиева.
БЕЙНЕУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
