БЕЙНЕУЛІК ОҚУШЫЛАР ҰЛТТЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
Бұл туралы Бейнеу аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Лизат Тәжиева мәлім етті.
Олимпиаданың мақсаты – ауылдық жердегі мектеп оқушыларының таланты мен қабілетін дамыту. Олардың білімге деген құштарлығын арттырып, қолдау көрсету және жағдай жасау.
«Бейнеу ауданы бойынша жеңімпаз атанған 7 оқушыны аудан әкімі Бейнеубек Әбілов құттықтап, Елбасының «Ел үміті» бастамасы шеңберінде «Нұрсұлтан Назарбаев қоры» атынан ноутбук сыйлады. Оған 5,6-сынып оқушылары қатысты. Барлық іс-шаралар пәндерді оқып үйренуге әрі дамытуға қажетті дағдылар мен бейімділіктерді анықтауға бағытталды»,- деді Лизат Тажиева.
БЕЙНЕУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
