БЕЙНЕУДЕ «ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ 2020-2021 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ЖОЛ КАРТАСЫ» БОЙЫНША ЖҰМЫС ҚАРҚЫНДЫ
Сондай-ақ Тоқабай Құрмаш көшесіндегі автомобиль жол құрылысы толықтай аяқталды.
Аталған бағдарлама бойынша ауыл ішіндегі 7 көп қабатты тұрғын үйлердің қас бетін жөндеу және 32 көп қабатты тұрғын үйлердің шатырларын ауыстыру, жаңарту жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі таңда «Тәуелсіздік» алаңына ағымдағы жөндеу (брусчатка төсеу) жұмыстары жалғасуда. «Nur Otan» партиясы Бейнеу аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясы жүйелі түрде ауданда атқарылып жатырған жұмыстарға мониторинг жүргізіп отырады.
