Бейнеконференция

2015 жылдың 3 шілдесі күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылға дейінгі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияны іске асыру механизмдері мен жолдары» тақырыбында видеоконференция өтті.
Бейнеконференцияға Департамент басшысы Ә.Х.Әшірбаев, Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы Н.Б.Сүйінбаев, Департаменттің Мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А.С.Жұбаныш, Батыс Қазақстан облысының әкімінің орынбасары И.В.Стексов, «КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы А.С.Айтимов, «Нұр Отан» партиясының БҚОФ заңгер-кеңесшісі С.Е.Тұрсынов қатысты.
Сонымен қатар, конференция өту барысында Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары талқыланып, нақты тапсырмалар берілді.


