«БЕТПЕ-БЕТ». МИНИСТР ЕРЛАН САҒАДИЕВПЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТТЕР ЖАЙЛЫ СҰХБАТ
«Бетпе-бет» қоғамдық-саяси бағдарламасының бүгінгі қонағы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев. Ерлан Кенжеғалиұлы журналист Дархан Әбдіуахитпен жаңа оқу жылындағы министрліктің алдында тұрған көкейкесті мәселелері туралы сұхбаттасты. Бұған дейінгі материалымыздың бірінде 2019 жылға қарай «Әліппе» мен нөлінші сыныпты енгізуге дайындық жүргізіліп жатқанын айтқанбыз. Министрдің айтуынша, жаңа мазмұн бойынша өткен жылы басталған жұмыс жоспарлы түрде жүріп жатыр. Әрине, ағылшын тілін үйрену мәселесі де назардан тыс қалмайды. Бұл қазіргі жаһандану дәуірінде маңызы жоғары мәселе екені айқын. Тағы бір ел құлағын елең еткізер тақырып – мектептегі қамқоршылық кеңесі. Ата-аналармен ортақ тіл табысу да оңай шаруа емес. Себебі бұл білім беру процесіне айтарлықтай әсер ететіні айқын. Жоғары оқу бағыты бойынша да қарқынды жұмыс атқарылып жатыр. Атап айтқанда: грант бөлу, жемқорлықпен күрес, оқу бағдарламасын жетілдіру, академиялық еркіндік мәселесі қарастырылуда. Осы жəне басқа да өзекті мəселелер "Хабар" арнасында өткен бағдарламаның басты тақырыбы болды.
