БЕС ЖЫЛДАҒЫ БЕЛЕСТЕР
Бүгін Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен өткізілген «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ Съезінде соңғы 5 жылда атқарылған жұмыстар айқындалды.
Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Nur Otan» 2014 жылы елімізде бірінші болып «Электронды партия» жобасы аясында қоғамдық онлайн-қабылдау бөлмесін, веб-портал ашып, мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы коммуникацияның жаңа арналарын енгізе бастады. Бұл халықтың уақытын тиімді пайдаланудың оңтайлы жолы болды. Әрбір азамат үйінде отырып-ақ жоғарыға сауалдарын жолдай алады.
«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің айтуынша, 5 жыл ішінде партияға шамамен 1,2 млн. адам жүгінген, оның 30%-і өтініштерін онлайн түрде жолдаған. Өтініштердің 92%-і бойынша оң шешім қабылданып, тегін кеңес беріліп, құқықтық көмек көрсетілген. Нұротандық депутаттар, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары 180 мыңға жуық қабылдау өткізіп, 340 мыңнан астам азаматты қабылдады. Өтініштердің 72%-і оң шешімін тапты, 28%-і бойынша түсіндірмелер мен қажетті кеңестер берілген.
«Ардагерлерді ардақтайық!», «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек» жобалары, «Жастар – Отанға!» бағдарламасы енгізіліп, көптеген игі істер жүзеге асырылды. Қаншама жастар жұмысқа тұрды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңес «Jas Otan» Жастар қанатымен бірлесіп жұмыс істеуінің нәтижесінде 10 мыңнан астам студенттің жатақханалардағы өмір сүру жағдайы жақсара бастады. Мұның бәрі еліміздің келешегі жастарға көрсетілген қамқорлық деп білген жөн.
Сонымен қоса, партия төрағасы дәрігерлердің жалақысы екі жарым есеге өсетінін алға тартты.
Бердімұрат Әлиасқар Байдуллаұлы,
"Nur Otan" партиясы Ордабасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
