"БЕРЕКЕТ-Ф" ЖШС ҰЖЫМЫНА ПАРТИЯНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Облыстық сайлауалды штаб мүшелері "Берекет-Ф" ЖШС еңбек ұжымымен онлайн байланысқа шықты. «Zoom» платофрмасы арқылы «Nur Otan» партиясының бағдарласымен таныстырып, 5 жылдық жұмыс жоспарға кеңінен тоқталды.
Кездесу барысында “Nur Otan” партиясының Маңғыстау облысы бойынша сайлауалды бағдарламасының 7 басымдықпен жұмыс жасайтындығын, партияның алдында тұрған міндеттердің барлығының елдің болашақ дамуы мен халықтың өмір сүруінің сапасы және әл-ауқатының жақсара беруі үшін жасақталғандығы туралы айтылып өтті.
Сондай ақ ел тәуелсіздігінің басты жетістіктері - тұрақтылық, бейбітшілік, халықтың бірлігі екенін атап өтіп, Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды.
