Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР ПАРТИЯ ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ

Бүгін «Nur Otan» партиясы Отырар аудандық филиалында 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай партия қатарына азаматтарды салтанатты қабылдау рәсімі өтті.

Партия билеттерін табыстау сәтінде аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Құрман мерекемен құттықтап, партияның стратегиялық міндеттері мен мақсаттарын жүзеге асыруда бірлесе жұмыс атқаратынына сенім білдіретінін атап өтті.

-Құрметті әріптестер! Сіздер партия билеттерін қолдарыңызға алу арқылы өздеріңіз өмір сүріп отырған қоғамның келешегіне бағытталған үлкен жауапкершілікті, абыройлы міндеттерді атқаруға бел байлап отырсыздар. ҚР Тұңғыш Президенті , партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуы жолында елеулі қызметтер атқарды. Елбасы басшылық ететін «Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси партиясына айналып қана қоймай, заман талабына сай өмірлік маңызды реформаларды жүргізе білді. Ендігі кезекте алдымызда үлкен белестер тұр. Сіздерді тағы да Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтай отырып, партияның жастар толқыны өз күш-жігерін, білімдерін елдіктің ортақ істеріне жұмсайтынына сенемін!- деді партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Партия қатарына қабылданған азаматтардың ел мүддесі жолындағы жарқын істеріне сәттілік тілейміз!

Еще по теме

БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР ПАРТИЯ ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ - Yvision.kz