БЕЛСЕНДІ МҮШЕЛЕРДІҢ ЕҢБЕКТЕРІ ЕЛЕНДІ
«Nur Otan» партиясының Шардара аудандық филиалы дәл қазіргі уақытта ел ішінде сайлауалды бағдарламаларын кеңінен насихаттап, аталған шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыруда. Партия басшылығы ел ішінде белсенділік танытқан, өз салаларында ерен еңбектің үлгісін көрсеткен жандарды марапаттауды дәстүрге айналдырған.
Бүгін бір топ шаруақожалық төрағалары мен партия белсенділері "Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың атынан Алғыс хаттармен марапатталды.
Марапаттарыңыз құтты болсын, әріптестер!
Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.
