БЕКІДЕГІ КЕЗДЕСУ
Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттардан өзім, А.Меңдібаев, Н.Тумышев және аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Т.Ерманов, А.Байжан, Ж.Ешманов, А.Ордабаева және С.Дүйсенбеков Бекі ауылында сайлаушылардың үйіне үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында канвассинг-кездесу өткіздік. Кездесуде үміткерлер ауданның «Маңғыстау ауданының Құрметті азаматы», ауылшаруашылық саласының ардагері Бақыт Қарабаев ағамыздың шаңырағында болып, сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған басты бағыттар туралы айттық. Алдағы сайлаудың абыройлы өтуіне тілекші, ағамыз ақ батасын беріп, жұмыстарымызға сәттілік тіледі.
Киікбай Жақыпұлы
