БЕКІДЕ МЕКТЕП САЛЫНАДЫ
Бүгін 25-желтоқсан күні облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер өзім, А.Меңдібаев, Н.Тумышев және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Т.Ерманов, А.Байжан, Ж.Ешманов, А.Ордабаева және С.Дүйсенбеков Бекі ауылында болып, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламаларын таныстырдық.
Ауыл тұрғындары , ауылға келген телефон, интернет үшін қуанышты екенін айтып, ауылға мектеп , ауыз су, қоқыстан тазарту мәселесін көтеріп, шешуге өтініш жасады.
Тұрғындармен кездесуден кейін, Маңғыстау ауданы "Құрметті азаматы" еңбек ардагері, Бекі ауылының тұрғыны Бақыт Қарабаев ағамыздың шаңырағында болып пікірлесіп, ақ батасын алдық.
Nur Otan партиясына дауыс беріңіз!
Киікбай Жақыпұлы



