БАЯНҒАЛИ АҒАМЕН
Жыңғылдыда екінші бас сұққан үйіміз ауылдың азаматы, аудан көлеміне танымал, сыйлы аға Баянғали Төлеубайұлының шаңырағы болды.
Бәкең байырғы мұғалім, бұрынғы әкім, қазір ауылдың ардагерлер ұйымына төраға. Нұр Отан партиясының бастауыш ұйымына басшылық еткен "партийный" кісі)
Жыңғылдының жағдайын толық сараптап, тегіс тоқталды. Бәрін айтты.
"Ауылдың басты мәселесі - медицина. Ауыл үлкен, дәрігерлік амбулатория ғана істеп тұр. Маман жоқ, бар маманның жасы ұлғайды. Енді бірер жылда мүлде дәрігер қалмауы да мүмкін.
Сосын мына өзіміз "Қожагелді ауыл" деп атайтын көшеде инфрақұрылым жоқ. Сол бір шешімін тапса деген тілегім бар.
Бастап қалдым ғой, бәрін айтып тастайын: бұл ауылдың клубы да ескі. 1956 жылы салынған сабан үй. Бір жаңа мәдениет үйі салынса қуанар едік" деп тоқтады аға
Бәкеңнің сөзін толық құптадым. Қалай құптамайсың, мөлдіретіп түгел айтып берді.
Ағаның айтқан тағы бір өтініші: ардагерлер үйіне ғимарат болса. Бұл мәселені де тиісті органдарға жеткізуді мойныма алып келесі үйге аттандық.
#NurOtan
#Сапарбаян
#СаматМусабаев
#БізБіргеміз
#ЖеңіскеБіргеЖетеміз
