БАЙҚАУ! БАЙҚАУ! БАЙҚАУ!
«Үздік сурет/плакат» бағыты бойынша «сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» республикалық конкурсы туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже оқушылар мен студенттер арасында «сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбымен үздік сурет/плакат республикалық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды. 2. Байқауға барлық оқушылар мен студенттер, сондай-ақ заңды тұлғалар (жастар ұйымдары, шығармашылық ұжымдар, креативті студиялар және т.б.) қатыса алады. 3. Байқаудың ұйымдастырушылары «AMANAT» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес (бұдан әрі-Кеңес) ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп орталық деңгейде болып табылады. Өңірлік деңгейде - Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Департаментімен бірлесіп, партия филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық Қоғамдық кеңес. 4. Конкурс сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, білім беру мен тәрбиелеуді қалыптастыруға бағытталған 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың партиялық бағдарламасы және ҚР 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы шеңберінде өткізіледі. 2. Конкурс мақсаттары 5. Конкурс мақсаттары мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа азаматтарды тарту және қазіргі заманғы қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл проблемасына олардың назарын аудару болып табылады. 3. Конкурс шарттары 6. Конкурстық жұмыстың тақырыбы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әртүрлі бағыттарын қозғап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу тәсілдерін, сыбайлас жемқорлық көріністерінің орын алу себептерін талдауды, сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілікті қалыптастыратын жалпылама қабылданған моральдық нормаларды насихаттауды қамтуы тиіс. Конкурстық жұмыстар сыбайлас жемқорлықтың пайда болуының тарихи аспектілерін талдауды, халықаралық тәжірибені ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тәсілдерін, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне деген төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған ба
