БАЙҚАУ! БАЙҚАУ! БАЙҚАУ!
Құрметті Павлодар облысының жастары! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы және Тұңғыш Президент күніне орай әлеуметтік желілерде #МенТәуелсіздік хэштегімен онлайн байқау бастау алды.
«Инстаграм» және «Вконтакте» әлеуметік желісіне тіркелген 14 пен 29 жас аралығындағы азаматтар төмендегі ІІІ номинацияның біреуіне қатыса алады.

І. Қазақ немесе орыс тілінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арнап авторлық өлең шығару (екі тақырыптың біріне таңдау бойынша);
ІІ. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай MannequineChallenge жастар бағытындағы кішігірім бейне-ролик түсіру;
ІІІ. Тұңғыш Президент күніне орай Нұрсұлтан Әбішұлына құттықтау ашық-хатын әзірлеу.
Жұмыстар 2016 жылдың 30 қарашасына дейін #МенТәуелсіздік хэштегі арқылы қабылданады. Естеріңізде болсын Instagram желісіндегі аккаунт ашық болу тиіс. Арнайы құрылған әділқазы мүшелері байқаудың үздіктерін анықтайды. Үздік деп танылған жұмыстар марпатқа ие болады.
