Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

БАЙҒАНИН АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ 72,6 ПАЙЫЗЫ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Бұл ауылдарға газ құбырының құрылысы 2018 жылы басталған. Елдi мекендердi газдандыру бюджеттік бағдарламасы аясында іске асырылған жобаны Мердігер компания «КазПромСтройГрупп» ЖШС жүзеге асыруда. Барлығы 356 810 мың теңге қаражат бөлінді. Бүгінгі таңда 325 821,2 мың теңге игерілген. Құрылыс осы жылдың желтоқсан айында аяқталады деп күтілуде. Мердігер мекеме 25 адамды жұмыспен қамтыған.

Ал, Жарлы ауылына ауылішілік газ құбырының құрылысын «Компания Газ Строй» ЖШС жүргізуде. 193 975 мың теңге қаражат бөлінсе, қазірге дейін 170 000,8 мың теңгесі игерілді. Құрылыс жұмыстары нәтижесінде 339 тұрғын үй газбен қамтылады.

Ноғайты ауылына тартылатын және кент ішіндегі газ құбырын салуды «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «СК-Максимум» ЖШС жүзеге асыруда. Жергілікті және республикалық бюджеттен бөлінген 382 765,7 мың теңге қаражаттың 167 170,0 мың теңгесі игерілді.

Осы жылдың мамыр айында басталған құрылыс желтоқсан айында аяқталады деп күтілуде. Нәтижесінде Ноғайты ауылының 274 тұрғын үйі газбен қамтылмақ.

Құрылыс жұмыстарына Байғанин ауданының жұмыспен қамту орталығынан 33 адам, мердігер мекемеден 30адам жұмыспен қамтылған.

0
0
533

Еще по теме

БАЙҒАНИН АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ 72,6 ПАЙЫЗЫ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ - Yvision.kz