Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

БАУТИН АУЫЛЫНДА БАЛАЛАР ҚАЛАШЫҒЫ АШЫЛДЫ

«Әрбір тұрғын өз қаласы мен ауылының гүлденіп көркейгендігін қалайды. Бірлесіп жұмыс істесек, оған қол жеткізуге мүмкіндік болады. Сол себепті де осы мақсатты алдымызға қойып балалар қалашығын ашу туралы ұсынысымызды жолдадық. Кейін қолдау тауып, бүгін міне грантқа қол жеткізіп отырмыз»,-деді Тілектес Сәденова.

Баутиндегі бос тұрған алаңды балалар қалашығына арнап дайындаған. Мұнда лабиринт, түрлі салада ойнайтын үйшіктер (дәріхана, полиция, мектеп, өнерлі балаларға арналған сахна т.с.с), әткеншектер бар. Жарықшамдар орнатылып, өрнектастар төселген.

ТҮПҚАРАҒАН АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

0
0
123

Еще по теме

БАУТИН АУЫЛЫНДА БАЛАЛАР ҚАЛАШЫҒЫ АШЫЛДЫ - Yvision.kz