БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Анттарына адал болып, халыққа сапалы, қолжетімді медициналық қызмет көрсетіп жүрген Батыс Қазақстан облысының барлық медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтау үшін арнайы Денсаулық басқармасына барып, іскерде, білікті басшы Арман Қалыбековке Тәуелсіз кәсіподақ ұйымы атынан құттықтау хат табыс еттім.

Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. АРМАН ҚАЛЫБЕКОВКЕ
Құттықтау хат!
ҚҰРМЕТТІ АРМАН ТАЛҒАТҰЛЫ!
6 мыңға жуық мүшесі бар Тәуелсіз кәсіподақ ұйымы атынан Сізді және сіз арқылы сізге қарасты барлық денсаулық сақтау мекемелерінің, аудандық және қалалық ауруханалар мен емханалардың медициналық қызметкерлерін төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге мықты денсаулық, отбастарыңызға амандық, күш - жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілей отырып, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер деген тілегімді білдіремін!
ҚАДІРЛІ АРМАН ТАЛҒАТҰЛЫ!
Сіз басқарып отырған Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасына қарасты кәсіби білікті медицина қызметкерлер Гиппократ антына адал болып, Ақжайық өңірінің халқына және Орал қаласы тұрғындарына қолжетімді, сапалы медициналық қызмет көрсетіп, халықтың алғысын алып келеді.
Ардақты ақ халатты абзал жандар!
Науқастарға медициналық және моральдық көмек көрсету жолындағы ерен еңбектеріңізге бас ие отырып, рақмет айтамыз!
Шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз!
Игі тілекпен, Талғат Қатауов Тұрсынғалиұлы - Тәуелсіз кәсіподақтар ұйымы Төрағасы, республикалық "Жемқорлық және Заң" газеті журналисі
