БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕБІ
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕБІ
Қазақстан Республикасы Президентінің 5.02.2016 жылғы № 190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің 2021 жылғы халық алдындағы есебі пандемияға байланысты онлайн форматта болады.
Облыс әкімі Ғали Есқалиевтің өңірдің өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен болашақ жоспарлары туралы халық алдындағы есебі 20 ақпан күні сағат 19.00-де өтеді.
Сондай-ақ, есеп беру кездесуін «Aqjaıyq» телеарнасының тікелей эфирінен және БҚО әкімдігінің YouTubе ресми парақшасынан тамашалауға болады.
Егер өңір басшысына сауалдарыңыз немесе ұсыныстарыңыз болса келесі мекен-жайлар бойынша қалдыруыңызға болады:
1. Облыстық (Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 179), қалалық әкімдік (Н.Назарбаев даңғылы, 182/1) және «Nur Otan» партиясының БҚОФ ғимаратында (Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі, 19) орнатылған халықтың ұсыныстарын, ескертулері мен пікірлерін жинауға арналған жәшіктерге қалдыру арқылы;
2. 8 (711 2) 24-84-24 call-орталық нөмірі арқылы;
3. [email protected] электрондық поштасы арқылы;
4. +7 747 131 10 38 WhatsApp нөмірі арқылы.
Айта кету керек, облыс әкіміне сұрақ немесе ұсыныс берер алдында аты-жөнін, ұялы телефонын, тұратын мекенжайын міндетті түрде көрсету қажет. Анонимді өтініштер қабылданбайды.
Есеп беру барысында облыс әкімі тікелей эфирде түскен маңызды сұрақтарға жауап береді. Барлық қойылған сұрақтар мен берілген жауаптар БҚО әкімдігінің ресми сайтында жарияланатын болады.
БҚО өңірлік коммуникациялар қызметі
________________________
ОТЧЕТ АКИМА ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПЕРЕД НАСЕЛЕНИЕМ
В рамках реализации указа Президента Республики Казахстан от № 190 от 5.02.2016 года «О проведении отчетных встреч с населением руководителей центральных исполнительных органов, акимов, ректоров национальных высших учебных заведений» 20 февраля 2021 года в 19.00 часов о социально-экономическом развитии области за прошедший год и планах на будущее расскажет аким ЗКО Гали Искалиев.
В связи с пандемией ежегодный отчет главы региона перед населением пройдет в формате онлайн. Трансляция отчетной встречи в режиме реального времени будет доступна на телеканале «Aqjaıyq» и на официальной странице акимата ЗКО в YouTubе.
Вы можете задать свой вопрос или дать предложение акиму области через:
1) ящики для сбора предложений, замечаний и откликов населения, установленные в акимате ЗКО (г. Уральск пр-т. Н.Назарбаева 179), в акимате г. Уральска (пр-т Н.Назарбаева 182/1), а также в здании ЗКОФ партии «Nur Otan» (г. Уральск ул. Ж. Молдагалиева 19);
2) электронною почту: [email protected];
3) WhatsApp номер +7 747 131 10 38;
4) телефон Call-центра 8 (7112) 24-84-24.
Важно: перед тем, как обратиться с вопросом или предложением к акиму области, необходимо указать Ф.И.О., мобильный телефон, адрес проживания. Анонимные обращения не принимаются.
В ходе отчета аким области в прямом эфире ответит на самые актуальные вопросы региона. Перечень всех заданных вопросов и ответы на них будут доступны на официальном сайте акимата ЗКО в установленные сроки.
Региональная служба коммуникаций ЗКО
