БАТЫРДАҒЫ БАСҚОСУ
Батырда мәжіліске үміткер Оспан Қазақбаевпен бірге жергілікті халықпен кездесу өткізіп, түрлі мәселе мен талап-тілектерді тыңдадық.
Өткен жазда Ақтаудың іргесіндегі ауылдарға, яғни, Мұнайлының елді мекендеріне ауыз су жетпей, ел қиналды. Халықты толғандырған мәселенің үлкені осы еді. Қаңтарда су таситын көліктің 20 данасы ауданға алынатын болып шешілген, батырлықтарға сол қуанышты жаңалықты жеткіздік.
Мүбәрәк Таубай тап осы ауыз судың мәселесін қозғады. "Мәселе қайдан шықты, соған назар аударайық. Бұл ауылда құбыр жарылады, апат болады, содан су келмейді, апталап жоғалады. Ал, сол құбырды кім салды? Оны кім қабылдап алды? Соны неге ойламаймыз? Соны неге сұрамаймыз?" деді Мүкең.
Осы мәселені жазып алып, тиісті органдарға хат жазып, жауабын біліп бермекке уәде еттім.
Партиямыздың сайлауалды бағдарламасында алдағы бес жылда Мұнайлы ауданында көптеген игіліктер болатыны атап көрсетілген. Батыр ауылына мектеп, дәрігерлік амбулатория, басқа да ауылдарға аурухана, мектеп, балабақша салынбақ.
“Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз”!
#NurOtan
#СаматМусабаев
#БізБіргеміз
#ЖеңіскеБіргеЖетеміз


