Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«Батыр туса – Ел ырысы»

2016 жылдың 22 маусым күні таңғы сағат 4.00-де, сонау 1941 жылда, Германия Кеңес Одағының бейбіт еліне опасыздықпен шабуыл жасағанындай, «Батыр туса – Ел ырысы» әскери-патриоттық жасағында, Ұлы Отан Соғысы жариялануының 75-жылдығына, оқу соғыс дабылы ұйымдастырылды.

21-23 маусым аралығында «Самал» сауықтыру жасағында (Качир ауданы, Федоровка ауылы) «Батыр туса – Ел ырысы» әскери-патриоттық жасағы өтіп жатыр. Бұл жерде Павлодар облысының үздік студенттері мен колледждердің әскери-патриоттық клуб өкілдері жиналды.

Әскери-патриоттық жасаққа взводқа бөлінген 70 қатысушы келді. Тәжірибелі әскери жетекшілер таза ауада күндізгі кезекші сарбаздың «Дабыл!», «Жиын!», «Өрт!» сигналдарын алған кездегі әрекетін түсіндірді.

Ұйымдастырушылар «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сі мен «Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығы» КММ-сі жасақтың негізгі мақсаты – нақты алғашқы әскери дайындық дағдыларымен қарулану деп атап өтті.

Жасақ қатысушылары дабыл қағылған кезде, бір жұдырықтай, 75 жыл бұрын фашисттердің қайырымсыз ұрысына ең алғашқы болып қарсы тұрғандарды, бір минут үнсіздікпен еске алу үшін сапқа шықты.

- Біздің батырларымыздың арқасында, бүгін бізге тек оқу дабылы қағылды, ол үшін, біз, Қазақстанның жас ұрпағы, Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне қарыздармыз! Біз дәл сол жыл, күн, сағат, минутты есте сақтауымыз қажет. Өйткені, дәл сол сын сағатта, яғни, 1941 жылы 22 маусым күні, біздей жастар тайсалмастан өзінің алғашқы әрі соңғы ұрысына шыққан, - деді техника-экономикалық колледж студенті, жасаққа қатысушы Әділ Булуев.

Жасақ қатысушыларына «Еркін тұр» пәрмені берілді, себебі алда оларды «Батыр туса – Ел ырысы» әскери қалашығында өте қанық, ең бастысы бейбіт күн күтті.

1
0
2941

Еще по теме

«Батыр туса – Ел ырысы» - Yvision.kz