Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Батыр Life forever — «Аманат»

Қызылорда қаласында орнатылатын Батырхан Шукеновтың ескерткіш-белгісінің ең үздік эскиздік жобаларына ашық конкурс жариялайды


Конкурсты «Социум-Қызылорда» қоғамдық қоры ұйымдастырады.

Конкурстың мақсаты – белгілі тұлғаның бейнесін ашатын, аса мәнерлі мүсіндік көркемдік шешімді анықтау. Ұсынылған жобалар жоғары идеялық және сәулеттік-көркемдік деңгейде орындалуы тиіс.

1. Конкурсқа қойылатын талаптар

1.1. Ескерткіштің жобасын іріктеу талаптары:

-көркемдік деңгейі жоғары, эстетикалық мәнерліліктің болуы;

- идеялық мазмұны, көркемдік тұтастығы мен бітімі ерекше болуы;

- ескерткіштің алыстан көз тартуы;

- орналасатын жердегі көріністің (панорама) басым композициясына айналуы керек.

1.2. Конкурстық материалдар құрамында ұсынылатын құжаттар:

1) Орналасу сызбасы               М1:500

2) Бас жоспар                          М1:500

3) Нұсқа (макет)                      М1:10

4) Ескерткіштің қасбеттері        М1:10

5)Ескерткіштің эскизі – Н-0,50 см.

1.3. Ескерткіштің орналасу сызбасы қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімімен келісілуі тиіс.

1.4. Барлық графикалық жұмыстар 60х90 см планшетте беріледі.

Графикалық орындау әдістер – макеттің түсі, техникасы, материалы –автордың өз қалауы бойынша орындалады.

Көрнекті түрде назарға ұсыну үшін барлық материалдар электрондық нұсқада қосымша ұсынылады.

2. Конкурстың шарттары

1. Конкурсқа қатысуға мүсіншілер және авторлық ұжымдар шақырылады.

2. Ескерткіштің материалы – қола. Натуралдық мөлшері – 2,5.

3. Ескерткіш Қызылорда қаласына орнатылады.

4. Авторлар конкурс материалдарын газет бетіне және интернет ресурстарында жарияланғаннан кейін күнтізбелік 90 күн ішінде мына электронды поштаға ұсынылуы тиіс: [email protected]

5. Конкурс жобалары үш таңбалы сандармен белгіленген шифрмен ұсынылады. Шифр - конкурсқа ұсынылған жоба материалдарының, сондай-ақ конверттің оң жақ жоғарғы бұрышына жазылады (биіктігі 1 см). Жобаға қосымша желімделген конвертте авторлардың аты-жөні, өмірбаяны, түсіндірме жазбасы көрсетілген ақпараттық парақ тіркеледі. Конверттер мына мекен-жайға: Қазақстан Республикасы, 120008, Қызылорда қ., Абай даңғылы, №58 үй - тапсырылады. Конвертке "Ерлан Мусаев үшін" деп көрсетуіңізді сұраймыз.

Конкурс шарттары сақталмаған жобалар байқауға жіберілмейді және комиссияда қаралмайды.

6. Бағдарлама және конкурс шарттары бойынша ақпарат алу үшін төмендегі байланыс телефондары арқылы хабарласуға болады.

Тел: 87019446985, электрондық пошта: [email protected]

-2
0
748

Еще по теме

Батыр Life forever — «Аманат» - Yvision.kz