"БАТЫР АТА" КООПЕРАТИВІНІҢ ЖҰМЫСШЫ ҰЖЫМЫМЕН ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗДІ
Қазақстан Республикасы Мәжіліс депутаттығына кандидат Құрманбекова Гүлжан Мамытқызы Қараспан ауылындағы «Батыр ата» кооперативінің жұмысшы ұжымымен Экспромт-кездесу өткізіп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Партияның атқарған жұмыстары мен алдағы 5 жылда жүзеге асыратын бағдарламалық жобаларын тілге тиек етті. Жұмысшыларға ерікті жастар тарапынан үгіт-насихат үнқағаздары таратылды.
