БАТЫР АНА - АЙНҰР
Бүгінгі сапарымызды Жетібай ауылында үгіт-насихатпен жалғастырдық. Алдыңғы ат басын тіреген үйіміз, көп балалы жанұя болды. 37 жастағы Өмірзақова Айнұр қарындасымыз ақжарқын қарсы алды. Өмірге он перзент әкелген батыр ана: "Жолдасым жұмыста, өзім бала күтімінде отырмын, үйге келетін табыс тамақтан ауыспайды. Салып қойған үйімізді аяқтай алмай отырмыз. Соған мемлекет тарапынан көп балалы аналарға құрылыс материалдарымен көмек көрсетілсе"- деген ұсынысын айтты. "Үйімізге терезе салуға, жылуын жүргізуге қаражат жеткізе алмай отырмыз"-деді. Жалпы көпбалалы аналарға үй беруден басқа, өздері үй салып алуға немесе құрылыс жұмыстарын аяқтауға мемлекеттік қаржылай көмек көрсету механизмдерін де қарастыру керек сияқты. Біз де өз тарапымыздан партияның алға қойған мақсаттарын түсіндірдік. Сайлауға қатысуға шақырдық. "Сайлауға барамыз, осы өмірімізге шүкіршілік етеміз", -деп батыр ана бізді шығарып салды.
#NurOtan
#edilzhangbyrshin


