Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Бата беру

Бата беру – қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде маңызды орын алатын дәстүрлерінің бірі. Оған «Баталы құл арымас, батасыз құл жарымас» деген халқымыздың мақалы мысал бола алады. Батаны негізінен аузы дуалы, елге сыйлы үлкен адам немесе әулеттің үлкен қариясы береді. Бата дастархан басында, түрлі жиындар мен тойларда беріледі. Сондай-ақ, алыс сапарға шығарда немесе үлкен іске кірісерден бұрын үлкеннің батасын алса сәтті болады деп есептелінеді. «Атадан бота қалғанша, бата қалсын» деген халқымыз батаның рухани құндылық ретінде қаншалықты маңызды екендігін аңғартады.

0
0
13472

Еще по теме