БАСТЫ БАҒЫТ – ТҰРАҚТЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ
Нұротандықтардың мақсаты, аудан тұрғындарын "Nur Otan" партиясының Сарыағаш ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, алдағы 5 жылда атқарылатын жұмыс жоспарымен құлақдар ету. Партиялық тізіммен сараланған кандидаттардың қарқынды жұмысы ауданның барлық елді мекендерін қамтуы жақтастардың артуына себеп болуда. Биылғы ліміздегі індетке байланысты, өткізіліп жатқан үгіт-насихат жұмыстары сақтық шараларын қолданған жағдайда, әртүрлі фарматтарда өттізілуде. Соның бірі бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Нұрсұлу Байғабулованың кезекті үгіт жұмысы «Көктерек» бастауыш партия ұйымында "Zoom" бағдарламасы арқылы жиын өтті.
Сарыағаш ауданы бойынша дамудың жеті басымдықтары:
1.Экономикалық тұрақты аудан; 2.Ыңғайлы аудан; 3. Әлеуметтік қызметке бағдарланған аудан; 4.Жастарға арналған аудан; 5.Тарих пен мәдениетті дамыту; 6. Ашық және есеп беретін жергілікті органдар; 7.Қауіпсіз аудан.
Тұрғындарды мазалайтын дәл осы мәселелер, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы ауданды дамытудың 7 басым бағыттарының негізі етіп айқындалған.
Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау.
1. Эфир барысында кандидат, "Nur Otan" партиясының Сарыағаш ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасының «Экономикалық тұрақты аудан» бағыты бойынша атқарылатын жұмыстарын барысын баяндап берді.
«Nur Otan» партиясының бағыты – тұрақты экономикалық даму және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру болып табылады.
Ауыл тұрғындарының табысын арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Өңірде инвестицияларды тиімді салу, көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларынан барынша пайда алу, жаңа озық технологияларды енгізу, өндірісті қазіргі заманғы жабдықтармен және өнімділігі жоғары техникамен әртараптандыру және жарақтандыру есебінен дамыған агроөнеркәсіптік кешен құру жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Соның нәтижесінде 5 жылда ауыл шаруашылығы салаcында 40 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Сонымен қатар ауданда 1 алқаптан 2-3 рет өнім алу жобасын қолға алып, іске асыру жоспарлануда. Ирригациялық ағын су жүйелерін қалпына келтіру бойынша: Өзбекстан Республикасынан келісілген ағын суды толық алу үшін «Арнайы су пайдалану» рұқсатындағы экологиялық суларды су шектеуіне қоса отырып, нақты пайдаланудағы қалыптасқан жағдайларға байланыстырып су шектеулерін жыл сайын қайта белгілеп отыруға; 2025 жылға дейін 511,8 шақырым келетін 9 бірлік каналды күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізуге. жабық топырақта көкөніс, яғни, жылыжайда өнім өндірушілерді уақытылы субсидиялау мақсатында басым дақылдарды субсидиялау туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қағидасына қосымша ұсыныстар енгізуге; ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуға; 6000 бастық мал бордақылау алаңын ашуға; 2025 жылға дейін аудандағы қарапайым жылыжайлардан заманауи өнеркәсіптік жылыжай көлемін ұлғайтуға ықпал етеді. Нәтижесінде ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 107,6-%-ға дейін артады.
Біз лайықты жалақымен жаңа жұмыс орындарын құру;
Халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, ауыл шаруашылық кәсіпорындарын дамыту, сапалы тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету үшін Сарыағаш ауданының артықшылықтары мен әлеуетін пайдаланатын болады. 2025 жылға дейін жеке инвестициялардың есебінен жаңа 10 өңдеу кәсіпорындарын ашуға жағдай жасайды, оның ішінде: тәулігіне 50 тонна макарон өндіретін цех ашу; қуаттылығы 4,0 мВт шағын су электростанциясының құрылысы; қуаттылығы сағатына 1000 бөтелке минералды су құю зауытын ашу.
Нәтижесінде мыңнан астам жұмыс орны ашылады, орташа жалақы 140 мың теңгеге артады, жұмыссыздық деңгейі 2,0%-ға дейін төмендейді.
Партия кәсіпкерлерді қолдайды. Сарыағаш ауданы бойынша емдеу-сауықтыру орталығы ретінде шипажайлар, емдік сауықтыру орталықтарының санын арттыруға; Сарыағаш ауданында туризмді дамыту мақсатында орналастыру орындары қызмет көрсеткен келушілер санын ұлғайту мақсатында 2025 жылға дейін 33 жобаны іске асыруға; «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде ауылшаруашылық техникасын сатып алуға, көктемгі егін жұмыстары және мал шаруашылығы субъектілерін 10%-ға арттырып, несиелендіру көлемін ұлғайтуға; Жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 37 жобаны қайтарымсыз мемлекеттік грантпен қамтуға;
«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ-ның жеңілдетілген субсидиялау, кепілдендіру тетіктері арқылы 58 жобаны іске асыруға; «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен 150 жобаны (кәсібін кеңейтуге, қызмет көрсету саласына)несиелендіруге; ауданның жалпы өңірлік өнімінің (ЖӨӨ)көлеміндегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін 2021 жылы 50,0%-дан 2025 жылы 55,0%-ға жеткізуге ықпал етеді. Нәтижесінде жалпы өңірлік өнімде шағын және орта бизнестің үлесі 93,0%-ға дейін артады, кәсіпкерлер саны 18,0 мыңға, ал ондағы жұмыскерлер саны 40 мыңға жетеді.
Жиын соңында эфир барысында келген сұрақтарға жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. 10 қаңтарда өтетін сайлауда белсенділік танытып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.
