БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ТЕГІН ТАМАҚПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
«Білім сапасын жақсартамыз» деген Сәния Мұратова ақтөбеліктерді сайлауға шақырды.
- Барлық деңгейдегі білім берудің қолжетімділігін арттыру
мақсатында «Nur Otan» партиясы келесі бағыттарға жәрдемдесетін болады. Қаламызда жыл сайын мектептер салынып, ескі мектептер жөндеуден өтеді. 2021 жылы – 15, 2022 жылы – 16, 2023 жылы – 17, 2024 жылы – 17, 2025 жылы – 18 мектептер мен балабақшаларға күрделі жөндеу жүргізіледі. 2021 жылы №1 «Нұр Ақтөбе» 900 орындық мектеп құрылысын аяқталып, қолданысқа беріледі. 2021 жылдан бастап бастауыш сынып оқушыларын кезең-кезеңімен тегін тамақпен қамтамасыз ету мәселесін шешуге жірдемдесеміз. Қашықтықтан оқыту нысаны сақталған жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды компьютерлік техникамен толық қамтуды қамтамасыз етілетін болады,-деді ол.
Айта кетейік, сонымен қатар аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларына көмек көрсетілетін туралы да айтып өтті.
