Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін «Nur Otan» партиясы Отырар аудандық филиалының жанынан құрылған сайлауалды штаб мүшелері Аққұм ауыл округінде болып бастауыш партия ұйымының өкілдерімен кездесті.

Кездесуде партия мүшелеріне партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, үгіт-насихат жұмыстарының бағыт-бағдары түсіндірілді. Сонымен қатар партияның осы заманғы сын-қатерлерге батыл жауап беретін және қазақстандықтардың сеніміне лайық нақты істер партиясы екенін көрсету ұйым мүшелерінің басты мақсаты болуы тиіс екендігі айтылды.

Штаб мүшелері партияластарын заңдылықты сақтай отырып үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізуге шақырды.

Еще по теме