БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫ ТӨРАҒАЛАРЫ БАС ҚОСТЫ.
Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында филиал төрағасының бірінші орынбасарының м.а. Мұратәлі Қалмұратовтың төрағалығымен өткен отырысқа «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Партиялықтар ағымдығы жылдың 10 қаңтарында өткен Сайлау қорытындысы бойынша бастауыш партия ұйымдары төрағаларының пікірлерін тыңдап, биылға жұмыс жоспарын бекітті
Мұратәлі Оразәлұлы сайлаудағы бақылаушы азаматтарға алғыс білдіріп, халыққа берген уәдені орындаудың маңызы жайында айтып өтті. Сондай-ақ жиын қатысушылары Шымкент қаласында баспана кезегінде тұрған азамттардың баспана мәселесін басқарма басшыларымен біріге отырып шешу, шалғай елді-мекендерді сумен, газбен, электр энергиясымен 100 % қамтамасыз ету, 3 ауысымды мектептер мәселесін шешіп, жоспарланған 42 мектеп құрылысын салу, 10 медициналық мекеме құрылысы жүзеге асыру жайында ой алмасты.
Отырыста қаладағы Бастауыш партия ұйымдарының рөлін күшейту мәселесі де назардан тыс қалмады.
Кездесу қорытындысында Бастауыш партия ұйымдарының ағымдағы жылға жұмыс жоспары түзіліп, БПҰ-лар ел болашағы үшін халықпен етене араласып жұмыс жасауын жалғастыра беретін болып шешілді.
Айта кетейік, қазіргі таңда қалалық партия филиалының есебінде 35 мыңнан астам партия мүшесі бар, олар 47 бастауыш партия ұйымына біріктірілген.
