БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
«Nur Otan» партиясының Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер С.Ертаев, Қазығұрт аудандық мәслихаты депутаттығына үміткерлер А.Ақынғазиева, А.Құрбан, З.Досанбаева, Е.Исақұлов, Д.Көбеев, Е.Аманқұлов аудандық ардагерлер үйінде Төлеби бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесті.
Салиқалы жиында депутаттыққа үміткерлер ардагерлерге «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген әлеуметтік сала мен ардагерлерге деген қамқорлықты айтып, аудан көлемінде атқарылатын игі іс-шараларды тізбектеп берді. Сұрақтарға жауаптар алынды. Кездесу соңында ардагерлер үміткерлерге сәттілік тілеп, ақ баталарын берді.
«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі.
