БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
2015 жылдың 12 мамырында сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментінде Тәртіптік кеңестің кезекті отырысы өтеді.
«Қостанай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Панин В.Б., «Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшысы Хамзин Д.Н., «Қостанай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы Темірбаев М.Е. қатысты істер қарастырылады.
Отырысқа жергілікті атқарушы ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің басшылары, БАҚ өкілдері қатысады.
Өткізу орыны: Гашека 4 көшесі, Департаменттің конференц-залы
Өткізу уақыты: сағат 15:00.
МҚІ СЖҚІҚА Қостанай облысы
бойынша Департаментінің сыбайлас
жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және
жұртшылықпен өзара іс-қимыл
жасау бөлімі Тел. 8(7142) 914-262
