БАРШАҒА ТЕҢ МҮМКІНДІК
Облыстық сайлауалды штаб мүшелері Е.Құрашов, С.Битан, Б.Ахметов Мұнайлы ауданының ерекше қажеттіліктері бар тұрғындарымен "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша «Zoom» платформасы арқылы онлайн кездесті.
Штаб мүшелері мұндай ерекше қажеттіліктері бар жандар үшін партияның жоспарлы жұмыстарын таныстырды. 5 жыл ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың жұмысқа орналасуы, әлеуметтік жәрдемақының өсуі жүзеге асырылады.
"Nur Otan" партиясы зағип және көру қабілеті төмен азаматтарға арналған кітапхана қорын, оның ішінде қазақ тіліндегі кітапханаларды көбейтеді, ишарат тіліне онлайн аудару үшін арнайы бағдарламаларды қолжетімді етеді.


