БАРШАҒА ТЕҢ МҮМКІНДІК
Құрметті Қазақстандықтар! Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихат сайлауына электоралды науқан басталды. Сайлауда партиядан үміткер бола отырып, осы уақыт ішінде Мен сіздерді #NurOtan партиясының «өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты бағдарламаның басты бөлімдерімен таныстыратын боламын. Қуатты мемлекет және тең мүмкіндіктер қоғамын қалыптастырудағы ортақ мақсатымызда Сіздердің тараптарыңыздан қолдауыңызға сенемін! Біздің басты міндетіміз – әрбір қазақстандықтың өз әлеуетін іске асыруына теңдей мүмкіндік жасау. Осы мүмкіндіктерді пайдалану – азаматтарымыздың өз таңдауы мен жауапкершілігіне байланысты. Мемлекет мұқтаж жандарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетеді, осы арқылы азаматтардың толыққанды әлеуметтік және экономикалық өмірге араласуына жол ашады. Біз қазақстандық отбасылардың әл-ауқатының артуын, сәбилеріміздің бақытты балалық шағын, өскелең ұрпақтың жарқын болашағын қамтамасыз етуге, қарттарға қамқорлық жасауға ұмтыламыз. Сайлаудың барлық қатысушыларына сәттілік тілеймін!
Берик Ахметов
