Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

БАРЛЫҚ СТУДЕНТТЕРГЕ ШӘКІРТАҚЫ МӨЛШЕРІ 2 ЕСЕГЕ ҰЛҒАЙТЫЛАДЫ

Бүгін ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі қоғамдық штаб мүшелері Арыс гуманитарлы техникалық колледжі мекемесі ұжымымен кездесу өткізді.

Колледждің акт залында өткен кездесуде Арыс қалалық қоғамдық штаб төрағасының орынбасары Амантай Байтанаев, штаб мүшесі Алтынай Бердімбет «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасының басымдықтарына тоқталды.

«Қ.К.Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында білім берудің барлық деңгейлерінде жинақталған проблемаларды шешуді мақсат етіп отыр. Алдағы уақытта барлық студенттеріміз әлемдік цифрлық кітапханаларға қол жеткізе алады. Барлық студенттерге шәкіртақы мөлшері 2 есеге ұлғайтылады. Мұның бәрі де болашақ жастарымыздың алаңсыз білім алып, елге қызмет етуге бағытталуда. Сондай-ақ педагогтар үшін шығармашылық жұмысқа барлық жағдайлар жасап, оларға тән емес қызметтерден босатып, әлеуметтік мәртебесін көтерілетін болады», - деді өз сөзінде штаб төрағасының орынбасары Амантай Байтанаев.

Жиын қортындысы бойынша сенімді өкілдер барша іс-шараға қатысушыларды сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

#TOQAEV2022

0
0
208

Еще по теме

БАРЛЫҚ СТУДЕНТТЕРГЕ ШӘКІРТАҚЫ МӨЛШЕРІ 2 ЕСЕГЕ ҰЛҒАЙТЫЛАДЫ - Yvision.kz